Ресей президенті Владимир Путин 2012 жылдан бері елдің қорғаныс министрі қызметін атқарған Сергей Шойгуды қызметінен босатты. Енді ол Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болады.
«Коммерсант» ақпаратына сүйенсек, Владимир Путин бесінші рет президенттік қызметіне кіріскеннен кейін, елдің қорғаныс саласына кадрлық өзгерістер жасаған. Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатып, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындады.
«Сергей Кужугетович Шойгу Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалсын», – делінген Путин жарлығында.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Шойгу кеңес хатшысынан бөлек әскери-өнеркәсіптік комиссияда президенттің орынбасары болады.
«Сергей Кужугетович Шойгуға келетін болсақ, ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы әр...