Cу тасқынынан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік бағасы делдалдарсыз, неғұрлым қолжетімді бағамен жеткізілуге тиіс. Бұл жайында антикордың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігіне арналған Мәжіліс жиынында айтылды.
Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали азық-түлік бағасын реттеу кезінде жемқорлық болмау үшін жағдай ерекше бақылауда болатынын мәлімдеді. Бұл мәселе, әсіресе, су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін өзекті екенін жеткізді. Сол себепті Асхат Жұмағали аумақтық бөлімшелерге бұл процестің барлығына мониторинг жүргізуді тапсырды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда алуға бағытталған түрлі құқыққа қарсы схемаларды құруға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесетін болады...