NielsenIQ Kazakhstan агенттігінің коммерциялық директоры Мадина Сейсенғалиева 2023 жылдың соңында он қазақстандықтың жетеуі үнемдеуге тырысқанын айтады.
2022 жылы және былтырғы жылы байқалған бағаның рекордтық өсуі қазақстандықтардың мазасыз күй кешуінің басты себебі болып отыр. Сондай-ақ олардың сатып алушылық дағдыларына әсер етуде. NielsenIQ Kazakhstan жүргізген сауалнама тап осындай нәтиже көрсетіп отыр. Агенттік тоқсан сайын Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 500 респонденттен онлайн-сауалнама алып, тұтынушылық сенім индексін анықтайды.
Қазақстандықтардың мазасыздығына не себеп
«2022 жылдың наурыз айынан бастап инфляцияның екі мәнді өсу қарқынын көріп отырмыз. Ол ай сайын өсіп, 2023 жылдың ақпан айында өзінің шегіне жетті. Содан бері инфляция төмендетуге тырысуда. Бағаны...