Өнеркәсіп министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аудандарда үйлер салуға байланысты кәсіпорындарға арматура өндірісін ұлғайтуды, ал Бәсекелестік қадағалау агенттігіне құрылыс материалдары бағасының өсуін тежеуді тапсырды.
Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. 2024 жылдың 23 сәуірінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және еліміздің арматура шығаратын кәсіпорын басшылары өзара келісімге келген.
«Екі тарап арасындағы жиналыста су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына отандық кәсіпорындардың өнімдерін пайдалану бойынша мәселе көтеріліп, кәсіпорындардың өнім түрінің сапасы мен көлемін арттыруды тапсырды және елде орын алған жағдайға байланысты баға саясатын тұрақты ұстап тұру бойынша баса...