Атырауда ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің жетекшілігімен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың көшпелі отырысы өтті.
«Су тасқынына қатысты жағдай өте күрделі. Президент су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндетін қойды. Қалалар мен ауылдардың тыныс-тіршілігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету қажет. Тұрғындарды керекті нәрселердің барлығымен қамту керек. Бақылауды күшейтіп, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырамын. Ондай фактілердің жолын кесу керек. Қазір бірқатар өңірде залалды өтеу және өтемақы төлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмысты бюрократияға салмай, жедел түрде мүмкіндігінше ашық жүргізу керек. Ешкім көмексіз қалмауы керек. Әкімдер жағдайды ерекше бақылауда...