Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алмас Айдаровты Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындады. Бұл турасында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды», – делінген таратылған хабарламада.
Осы тағайындауға дейін Алмас Айдаров Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымында болған-ды.
Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келді. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2009 жылы Президенттік басқару академиясын бітірді.
Еңбек өтілі:
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМҚК-нің ішкі аудит жөніндегі маманы, инвестициялық инженері (2004-2006); ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және...