Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі басталды.
«Мен тағы бір мәселеге арнайы тоқталғым келіп отыр. Бүгінде ұлы Абайдың кесенесі – еліміздегі ең танымал нысанның бірі. Алайда, Талдықорған облысында Абайға арналған бірде-бір лайықты ескерткіш жоқ. Бұл – ұят нәрсе, үлкен олқылық. Оны түзету керек. Алтынемелде қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлихановтың мәңгілік мекені бар екені барша жұртқа белгілі. Шаңқанай ауылында оның ескерткіші, мұражайы бар. Жергілікті жұрт қазақтың ұлы перзенті жерленген жерді қараусыз қалдырмаған. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Біз Шоқанды әлемдік деңгейде дәріптеуіміз керек. Жалпы, біз ұлы перзенттерімізді құрметтей білуіміз керек. Мұндай тарихи орындар туралы үнемі айтып, ұрпаққа таныстырып отыру қажет. Осы...