Соңғы 5 жылда шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 1,5 есеге артып, 1,3 миллионға жетті деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
Оның айтуынша, микро және шағын кәсіпкерлік нысандары үш жылға табыс салығын төлеуден босатылады. Оның ішінде, табыс салығы (КТС, ЖТС) оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін әлеуметтік салық, шаруа қожалықтары және фермерлер үшін бірыңғай жер салығы бар. Нәтижесінде, кәсіпкерлер 3 жыл ішінде 382 млрд теңге үнемдейді.
«Үнемделген қаржы кәсіпкерлерге айналымдағы қаржысын көбейтіп, қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді Дәленов.
Конференцияда таратылған материалда акцизделетін тауар өндірумен және көтерме саудамен, құмар ойындар, лотерея ұйымдастырумен...