«Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы кеңсесіне заңды тұлғалардан жолданған құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында, барлық ХҚО бөлімдерінде заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталығы жұмыс істеуде.
«Енді заңды тұлғалар құжаттарын өткізу үшін филиалдың кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Қаладағы кез-келген ХҚО-ларға жүгінсе болады. Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының өзгеруі, орналасқан жерінің өзгеруі базаға электрондық хабарлама негізінде, автоматтандырылған режимде енгізілмейді. Сол себепті, қаладағы 8 аудандық ХҚО-ларда өтініш қабылдау орталығы ашылып, оларда 18 жұмыс орны ашылып, 23 оператор жұмыс істеуде» – дейді дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Атап...