Үлкен табыс табу үшін ақшаны қайда салған дұрыс? Бұл сұраққа Ұлттық банк өкілдері жауап берді.
«Үлкен табыс табу үшін ақшаны қайда салу керек – алтын, акциялар, депозит, валюта, жылжымайтын мүлік пе?», – деп сұрады журналист.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ақшаны қандай валютада сақтау қажет екенін әркім өзі шешетінін айтты. Десе де ақшаны депозитте сақтауға кеңес берді. Ал акциялар мен облигацияларға ақша салу үшін біліктілік қажет болатынын айтады. Басқа маңызды салаларға инвестиция салу үшін білікті мамандарға жүгінуді ұсынды.
«Бұл адамның мақсатына байланысты. Көптеген қазақстандық жинақтарының бір бөлігін...