Қазақстандық сақтандырушы компаниялар жасанды интеллекті (ЖИ) бизнес-процестерге қарқынды енгізіп жатыр. ЖИ фотосуреттерден көліктің қаншалықты зақымдалғанын анықтайды. Бұл туралы «Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев мәлімдеді.
Сақтандырушы компаниялар жасанды интеллекті фотосуреттен көлікке қандай зақым келгенін оқуға арналған бағдарламада пайдаланады. Бұл зақымдану дәрежесі мен клиентке сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарлама көліктің зақымдалған-зақымдалмағанын, оның көлемін анықтауға үйретілген. Сонымен қатар ашық ChatGPT үлгісіне қосылған. Көлікке қандай зиян келгені анықталған соң, шығын көлемі нақтыланып, мамандар сақтандыру төлемін төлеуге кіріседі. Жобаның келесі кезеңі – зақымданудың мөлшерін автоматты түрде анықтау.
Корпоративтік бизнесті сақтандыруды цифрландыру мәселесі де қолға алынған. Мұнда мемлекеттік деректер базасымен...