Teniz Capital Investment Banking АҚ ((бұрынғы «YURTA қаржы үйі») жарғылық капиталын 639,9 млн теңгеге арттырды. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жіберген хабарламасында жазылған.
Компания жарғылық капиталын 212,6 мың қарапайым акциясын сату арқылы өсірген. Қазіргі кезде орналастырылған қарапайым акциялардың саны 760,8 мың.
«Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Teniz Capital Investment Banking» АҚ KASE-ге «Teniz Capital Investment Banking» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) төленген жарғылық капиталы ұйымдастырылған қор нарығында қоғамның 212 683 қарапайым акциясын сату жолымен 639 943 213,71 теңге мөлшерінде ұлғайтылғаны туралы хабарлады. 2024 жылдың 19 сәуіріндегі жағдай бойынша орналастырылған қарапайым...