Қазақстанның 5 өңірінде 5411 үй су астында қалды. Табиғи апат басталған уақыттан бері құтқарылған қазақстандықтардың саны 111 194-ге жетті. Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш елдегі жағдайға байланысты соңғы мәліметтермен бөлісті.
ТЖМ өкілінің сөзінше бүгінде Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлерін су шайып кеткен.
«Үйлеріне 11 950 адам оралды. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала бар. 9,5 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 2,2 млн қапшық және...