Жайық өзенінің бойындағы үйлер мен саяжайларда тұратын халық өзеннің арнасынан шығуына байланысты эвакуацияланады. Бұл туралы кезекті әуеден барлаудан кейін облыста жүрген Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.
«2024 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша өзендегі су деңгейі 703 см-ге жетті және әлі де көтерілуде. Былтырғы максимум 557 см болған. Су Ресей Федерациясы тарапынан тасқынға байланысты Ирикла мен Приузен су қоймаларынан қарқынмен жіберіліп жатыр. Эвакуациялық пункттер азаматтарды қабылдауға дайын», — деді Нұрлан Байбазаров.
Жайық өзенінің жағалауын нығайту және Орал қаласы мен облыстың төрт ауданында дамбалар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Даринск, Байқоңыс, Озерный, Володар, Январцево, Ақсу...