1 млн теңгені тез жинауға болатын өңірлер анықталды. Экономикалық зерттеулер институтының зерттеуінше 5 өңірде 1 млн теңгені тез жинау мүмкіндігі жоғары екен.
Институт сарапшылары 2023 жылғы өңірлер бөлінісінде орташа жалақы бойынша ресми статистика деректерін пайдалана отырып, Ұлытау, Маңғыстау, Атырау облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының тұрғындары 2-3 жыл ішінде 1 млн теңге жинақтай алады деген тұжырым жасаған.
Ал СҚО, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстары тұрғындарына қор жинау қиынырақ болайын деп тұр. Бұл өңірлерде 1 млн теңге жинақтау үшін шамамен 4 жыл қажет болады екен.
Институт есептеулерін медиандық жалақы көрсеткіштеріне сүйене отырып әзірлеген. Ал медиандық жалақы дегеніміз әдетте орташа айлы...