Қазақстан шекара пунктерінің жұмыс режимі өзгереді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді», – деп хабарлады ведомство.
Атап айтқанда:
Ресей Федерациясымен:
«Найза», Павлодар облысы
«Қоянбай», Абай облысы
«Байтанат», Абай облысы
Қытай Халық Республикасымен:
«Нұр Жолы», Жетісу облысы
«Достық», Жетісу облысы
«Қолжат», Алматы облысы
«Бақты», Шығыс Қазақстан облысы
«Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы
Қырғыз Республикасымен:
«Кеген», Алматы облысы.
«2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пунктері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді», – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес енгізілді. Нақтырақ айтқанда...