Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті есептегі азаматтарды бақылауға арналған электронды білезіктерді 1,5 млрд теңгеге жуық қаражатқа жалға алуды жоспарлаған. Мекеменің бұл бағыттағы шығындары мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген.
Нақтырақ айтсақ, комитет жабдықты жалға алуға 1 482 300 000 теңге жұмсауды көздеп отыр. Бұл қаражат электронды білезіктерді 3 жылға жалға алуға жетеді. Әр жылғы жалға алу құнына тоқталар болсақ, 2024 жылға – 406 260 000 теңге, 2025 жылға – 488 610 000 теңге, 2026 жылға – 587 430 000 теңге жұмсамақшы. Қызмет көрсету мерзімінің аяқталу уақыты құжатта 2026 жылдың 31 желтоқсаны деп көрсетілген.
Құжатқа сәйкес білезіктер...