Бүгін Астана әуежайында өрт болды. 1-ші және 2-ші терминалдар арасында электрокабельдер тұтанып, ғимаратты көк түтін басқан. Бұл жайлы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Астанадағы халықаралық әуежайдың электр қалқан терминалында өрт шыққаны туралы хабарланды. Сыртқы белгілер бойынша 1 және 2 терминалдар арасындағы галереяларда қатты түтін болғандықтан адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілген.
«27 ақпанда сағат 08-03-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қабанбай батыр даңғылы, 119 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыру бойынша шықты. Бірінші қабатта Т-1 және Т-2 терминалдары арасында электр қалқанында 15 ш.м алаңда электр кабелі жанған», – деп хабарлады ТЖМ.
Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД...