«Қазгидромет» Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы наурыз-мамыр айларына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Қазақстанда көктем жылы болады. Бірақ наурыз айында Солтүстік өңірлерде -25 градусқа дейін суық болуы мүмкін.
Наурыз
Көктемнің бірінші айында, яғни наурызда Қазақстанның солтүстік облыстарында жекелеген күндері қыс мезгіліндей суық ауа райы күтіледі. Бұл айда қар жиі жауып, бұрқасын, көктайғақ пен тұман болады деп болжанады. Бұл күндері температура фоны төмен, түнде 15-25 градус аяз болады деп болжануда.
Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасының күндіз 2-7°С дейін жоғарылауы болжанады. Ал көктемдегідей жылы ауа райы тек айдың үшінші онкүндігіне қарай...