Беларусь мемлекеті Қазақстаннан Еуропаға тасымалданатын мұнай транзиті тарифін 38%-ға, ал Ресейдің мұнайын тасымалы құнын 10,2%-ға көтереді.
Елдің Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі республика арқылы өтетін мұнай транзиті тарифін қымбаттатты. Беларусьтің ұлттық құқықтық интернет-порталында арнайы құжат жарияланған. Онда 1 ақпаннан бастап «Унеча (Высокое) – Адамова-Застава» құбырымен мұнай тасымалдау қызметінің тарифі 629,26 ресей рублі деп белгіленген.
Яғни Германия бағытындағы құбырдың Ресей шекарасынан бастап Польшаға дейінгі аралығында мұнай тасымалдау құны 38% қымбаттайды. 2023 жылдан бері баға 1 тонна мұнай үшін 455,94 рубль еді. Биыл 1 ақпаннан 629,26 рубль болмақ. Теңгеге айналдырсақ, Ұлттық банк бағамы бойынша 1 тонна мұнай тасымалдау...