Еліміздің 7 өңірінде жастар жұмыссыздығының проблемасы шешілмеген. Бұл жайлы Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары жазған.
Иниститут мамандары Қазақстанның 3 облысында және 3 мегаполисінде халықтың әл-ауқатының төмендеуі мен жұмыспен қамту мәртебесіне байланысты сараптама жасаған.
Зерттеу барысында Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің және Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты және сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде жұмыспен қамту мәртебесі және оның халықтың әл-ауқат деңгейіне әсері бағаланған.
Сарапшылардың айтуынша жұмыспен қамту мәртебесі адамның әл-ауқат...