Желтоқсан айында Ұлттық қордан 646 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Одан түскен қаржы республикалық бюджетке трансферт қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуға жұмсалған. Бұл туралы Ұлттық банктің валюта нарығы жайындағы ақпараттық хабарламасында жазылған.
Ұлттық банктің мәліметінше, Ұлттық қордан валюта сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 18%-ын құрап, күніне 34 млн АҚШ долларынан аспаған.
Ал осы айда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 1-1,1 млрд АҚШ долларына дейін валюта сатуы ықтимал. Түсетін қаражат Үкіметтің алдын ала өтінімі бойынша, республикалық бюджетке трансферт бөлуге жұмсалады.
Сонымен қатар, Ұлттық банк өткен айда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін биржадағы...