Үкімет шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері мен микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беру қағидаларын әзірледі. Тиісті құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. Бұрынғы субсидиялау ережелері осы жылдың қаңтарына дейін белгіленген. Қоғамдық талқылауға шығарылған 407 беттен тұратын құжатта қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджет есебінен жүзеге…