«Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры Ғалымбек Әутәліповтің мәлімдеуінше, Алматы ЖЭО-2-дегі жаңғырту жұмысы 94% аяқталған. Мұнда технологиялық эстакада мен негізгі жабдықтарды монтаждау толық аяқталып, бу турбинасын ақырғы құрастыру мен іске қосу-баптау жұмысы жүргізіліп жатыр. Нысан пайдалануға берілгенде желіге 557 МВт электр және 957 Гкал жылу қуатын береді. Ал ЖЭО-3 қайта құру жобасында…