Freedom Finance Global қазақстандықтарға Air Astana акцияларын ертерек сатып алу мүмкіндігін ұсынады
Freedom Finance Global AIX пен Лондон қор биржасында (LSE) Air Astana компаниясының ҒДҚ-сы және АҚШ долларына деноминацияланған акцияларын негізгі саудадан бұрын сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Бұл туралы AIX таратқан хабарламада жазылған.
ҒДҚ-мен шартты сауда AIX пен LSE биржасында Астана уақытымен 14:00-де, (Лондон уақытымен 8:00) 9 ақпан күні өтеді.
Ал АҚШ долларына деноминацияланған қарапайым акциялардың шартты саудасы дәл осы уақытта тек AIX биржасында ғана басталады. Freedom Broker AIX биржасындағы маркет мейкер болады.
AIX Басқарма Төрайымы Әсел Мұқажанова Freedom Broker-мен ынтымақтастық арқасында қазақстандық инвесторлардың ертерек сауда жасауына мүмкіндік туғанын атап өтті. Бұл – Қазақстан қор нарығындағы алғаш шартты сауда.