Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментінің бұрынғы қызметкері Кенжебай Жұмабеков қамауға алынды. Экс-шенеунікке азаптау фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Ведомствода Кенжебай Жұмабеков ұсталғаны туралы ақпарат расталды. Ол 11 қаңтарда Алматыда азаптау күдігі бойынша қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ іске қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр»,– делінген хабарламада.
Қадағалау ведомствосы басқа мәліметтерді жариялаған жоқ.
Қорғас ісі бойынша
«Время» газеті Кенжебай Жұмабековты тұтқындауды «Қорғас ісімен» байланыстырады. Жұмабеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментінің бастығы болды. Жұмабеков «Қорғас ісі» бойынша дәлелдерді бұрмалауға, жазықсыз азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартуға...