Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындарын қала сыртына шығудан бас тартуды және сақ болуға шақырады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 29-31 желтоқсан аралығында Астанада қалың қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын күтіледі.
«Ауа райының күрт нашарлауына, атап айтқанда, бұрқасын, қар жаууы және желдің жылдамдығы 28 м/с жетуіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартуды және сақ болуға шақырады», – делінген хабарламада.
ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салды
Дауылды желдер кезеңінде бірінші кезекте электр желілері мен жабдықтарыны...