Сақтандыру қызметтерінің ішінде автокөлікті сақтандыру сегменті белсенді жұмыс істейді, олай болатын себебі қызметтің бұл түріне деген сұраныс деңгейі өте жоғары. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша (2023 жылдың маусым айының басындағы мәлімет) 4,5 млн автосақтандыру полисі рәсімделді, оның ішінде 0,27 млн-ы – ерікті полис. Айта кету керек, ерікті автосақтандыру көлемі де өсіп жатыр. Жалпы, автосақтандыруға қатысты әртүрлі қауесет пен шындыққа жанаса бермейтін әңгімелер ара-тұра тарап кетіп жатады.
Бірінші миф: Теориялық тұрғыдан сақтандыру компаниясынан автокөлікке келтірілген залал үшін 100 пайыз өтемақы алуға болады, бірақ сақтандыру компаниялары ашкөзкөздікке салынып, бұдан жалтарып отырады. Бұл мүлдем олай емес. Мұның не екенін...