Елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысын Bluetooth арқылы төлеу сервисі іске қосылды. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС хабарлады.
Avtobys мобильді қосымшасын жүктеп алған азаматтарға қоғамдық көлікте Bluetooth арқылы төлем жасау мүмкіндігі берілді.
Bluetooth төлем жасау үшін ұялы телефонға Avtobys мобильді қосымшасын жүктеп, оған телефон нөмірі арқылы тіркелу керек. Мобильді қосымшаның теңгерімін әмиян батырмасы арқылы ұсынылған әдістердің бірін таңдау арқылы толтыруға болады. Теңгерімді толтыру үшін QIWI, kassa24 төлем терминалдарының, электрондық әмиянның, интернет-банкингтің қызметіне жүгінген жөн.
«Жолақыны Bluetooth арқылы төлеу үшін телефоныңыздан Bluetooth қосасыз. Одан кейін қосымшаға кіріп, Bluetooth белгісін басасыз, маршрутты таңдайсыз және төлемд...