Қаржы мониторинг агенттігі «ӨзенМұнайГаз» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Компания басшылығына өз қызметін асыра пайдаланды және заңсыз тендер өткізді деген айып тағылып отыр. Олардың мемлекетке келтірген шығын көлемі – 623 млн теңге.
ҚМА «ӨМГ» АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев компанияда жұмыс істемейтін өз таныстарына негізсіз жалақы төлеп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған дейді. Ал «ӨМГ» АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаев ұңғымаларды жерасты жөндеуге қатысты заңсыз тендер өткізіп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деп айыпталған.
«Сонымен қатар, алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға...