Алматы қаласында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі, кәсіпкер Болат Назарбаев қайтыс болды. 71 жастағы Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Алматыдағы Орталық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі растады.
«2023 жылдың 13 қарашасында сағ. 09.51-де Болат Назарбаев қайтыс болды», – деп хабарлады Орталық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
«71-ге қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев қайтыс болды», – деп жазды тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол...