5 қазан күні Қазақстанның 17 облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясы Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қорытындысын жариялады.
Бұл сайлау Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда өткізілді. Сайлау барысында 1553 сайлау комиссиясы жұмыс істеп оған 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылған.
Балама негізде өткен сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілген. Ал сайлауға қатысу көрсеткіші – 62,79%-ды құрады. Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды.
«Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды...