Коллаж: kursiv.media
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы қазақстандықтар туралы ақпарат таратты. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Газа секторындағы жағдай өте күрделі.
«Израиль мен Палестинадағы әскери-саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарын қақтығыс аймағынан шығару бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстанның Израильдегі, Мысырдағы және Иорданиядағы елшіліктері жұмылдырылған. 16 қазандағы жағдай бойынша Израильдегі Қазақстанның елшілігіне 100-ден астам Қазақстан Республикасының азаматы елден кетуге жәрдем көрсету туралы өтініш жасады. Олардың бір бөлігі қазақстандық дипломаттардың көмегімен елден кетіп қалды. Кеше Қазақстанның Израильдегі елшілігінің көмегімен 19 азаматымызды, оның ішінде арнайы бағдарламалар бойынша оқыған...