фото: SCANPIX/REUTERS/Michael Kooren
Нидерландының Гронинген провинциясында орналасқан Еуропадағы ең ірі газ кен орны өндірісін тоқтатты. Бұл туралы ел билігі, 1 қазан күні, жексенбіде мәлімдеді. Бұл жайлы DW жазды.
Нидерланды Еуропадағы ең ірі газ кен орнын жапты. Оған басты себеп – антропогендік фактор. Агенттіктің жазуынша, Гронингендегі газ өндірісі үнемі жер сілкінісін тудырған. Сондықтан ел билігі табиғи апаттарға түрткі болған кен орнын ұзақ уақытқа жабуды жоспарлады.
Дегенмен тау-кен өндірісі тоқтағанына қарамастан, 1960 жылдары ашылған кен орнындағы он бір ұңғыма қатты қыста тағы бір жылға ашық қалатыны хабарланды.
Ел үкіметі «Белгісіз халықаралық жағдайға байланысты «мұнда газды жыл бойы өндіруге болады...