OLX.kz хабарландыру ресурсында есірткіні насихаттайтын 1179 жазба анықталған. Оған қоса психоактивті заттарды тарататын курьер жұмысын ұсынып отырғандар да бар. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, OLX.kz басшылығымен жасалған келісім негізінде бұл жарнамалар жойылған.
Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткіні жарнамалау фактілері бойынша 51 сотқа дейінгі іс жүргізіп, есірткіні интернет арқылы таратқаны үшін 288 қылмыстық іс тіркеген. Есірткі тарататын 1,5 мың сайт бұғатталды.
Сонымен қатар журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында Шымкенттің пабликтері арқылы есірткі қоюшыларды жинап жатқанын жазады.
Осы ретте интернет кеңістігінде есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін Ішкі істер министрлігі «Kazdream Special Systems...