«Самұрық-Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қорға тиесілі «Qazaq Air» АҚ – ның 49% – дан 100% – ға дейінгі акцияларын сату бойынша сауда-саттық өткізеді. Бұл жайлы «Qazaq Air» сайтында жарияланды.
Қазақстандық әуе тасымалдау нарығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру үшін, QAZAQ AIR әуе компаниясының ұшу географиясын кеңейтуге, флотты ұлғайтуға және инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында жеке инвесторды тарту қарастырылып отыр. Жекешелендіруді «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстандық Ұлттық әл-ауқат қоры атынан авиакомпанияның жалғыз акционері жүргізеді.
Сауда-саттық екі кезеңдік ашық конкурс арқылы жүзеге асырылады.
«Бірінші кезеңде – Конкурстың мәні бойынша алдын ала ұсынысты, сондай-ақ әлеуетті қатысушылардың сатып алушыға қойылатын талаптарға...