Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтында жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын құру үрдісі аяқталды. IT жоба ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетімен мақұлданып жүйе пилоттық режимде пайдалануға берілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Комитет «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы және жобалаушылар қауымдастығына, сондай-ақ мердігер ұйымдар мен басқа да мүдделі тұлғаларға www.rcmbase.kz сілтемесі бойынша жаңа салалық ақпараттық жүйемен танысуды ұсынады.
Комитеттің құжаттарында автожолдарды орташа және күрделі жөндеу, олардың құрылысы мен реконструкциялау кезінде, сондай-ақ жобалау сметалық құжаттама әзірлеу барысында құрылыс материалдары мен технологияларды аталған бірыңғай базада ұсынылған карьерлердің, битум және асфальт зауыттарының материалдарын ескеріп, пайдалануы қажет екендігі атап өтілді.
«Бірыңғай база – ҚазжолҒЗИ-дың әзірлемесі. Бұл бағыттағы жұмыс өткен жылдың соңында басталған. Жоба жолдардың сапасын жақсарту бойынша ұсынылған міндеттерге жауап беретін тиімді механизм ретінде ұсынылды. Заманауи цифрлық өнім құрылыс материалдары мен жол құрылысы технологияларын пайдалануды жүйелеуге, жолдарды жобалауды ашық әрі сапалы етуге мүмкіндік берді. Адами факторларға байланысты тәуекелдер барынша азайтылады», дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар бөлімінің басшысы...