Сонымен қатар компания өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Бұл туралы Ayt housing Complex құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев «Ақкент» ТК тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.
«Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығындарын өзімізге алуға дайынбыз», – деді Бас директор.
Сонымен қатар, құрылыс салушы өрт шыққан лифтіге қатысты ақпарат берді. Оған жақында ғана жөндеу жүргізілген.
«Лифтілерге келетін болсақ, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, тіркеу нөмірі L15-269 және L15-270. «АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани» ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифттерді соңғы техникалық куәландыру...