Елдегі жанар-жағар май станцияларына АИ-95 бензинінің бағасын көтермеу ұсынылады. Өйткені бұл сұрыптың бағасын мемлекет бекітпейді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
«95-інші (Аи-95 – Курсив) — бағасы реттелмейтін отын, жанар май станцияларының өздері бағаны өсіре алады. Біз, энергетика министрлігі тарапынан, баға индикаторы тұрғысынан тек ұсыным бере аламыз. Мұндай жұмысты өнім иелерімен (Аи-95 – Курсив) және желілерімен (ЖЖМС желілері – Курсив), ЖЖМ станциясы бар кәсіпорындарымен, дәл осы отын түріне бағаны күрт өсірмеу жөнінде жұмыстар жүргізіп жатырмыз», — деді ол Үкімет кулуарында журналистерге.
Шымкент МӨЗ-ғы апаттан кейін, ол ішінара жөндеу жұмыстарына тоқтатылып, елде Аи...