Фото: kursiv.media
Қостанай облысының прокуратурасы соңғы уақытта облыс аумағында Украинадағы қарулы қақтығысқа Ресей тарапынан қатысу үшін жергілікті тұрғындарды үгіттеу әрекеттері тіркелгенін мәлімдеді.
Осыған байланысты прокуратура әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты материалдар, жарияланымдар, бейнесюжеттер, посттар, пікірлер жариялауда абай болуға шақырды.
Прокуратура Қазақстан азаматтарын қақтығысқа қатысуға шақырумен, қасақана арандатушылық сөздермен және екі тарап азаматтарының ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері бар көрінеу жалған ақпарат таратып жіберетін жағдайлардың көп кездесетінін, онда еліміздің аумағының тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулер жасалатынын ескертеді.
«Бұл әрекеттерге Қазақстан Конституциясымен, біздің ел қатысушы болып табылатын жалпыға бірдей танылған халықаралық-құқықты...