Фото: kursiv.media
«Атырау-Астрахань» автокөлік жолының құрылысы 2024 жылы аяқталады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Былтыр облыстың көлік инфрақұрылымын дамытуға 41 млрд теңге бөлініп (РБ – 32,5 млрд. теңге, ЖБ – 8,5 млрд. теңге), 201 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар жөнделген. Биыл облыстың көлік инфрақұрылымын дамытуға 55,2 млрд теңге бөлініп, 41 елдімекенде 172 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған.
«Қазір біздің алдымызда тұрған ең үлкен міндет – ол республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» күре жолын жөндеу жұмыстарын аяқтау. Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахань» учаскесінің бүгінгі күні 170 шақырымы...