Фото: kursiv.media
Алматы қаласының Түрксіб ауданында 6100 орынды төрт жаңа мектеп салынады. Бұл жайлы Алматы қаласынң әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, аудан қарқынды түрде салынуда, сондықтан билік жаңа мектептер салу және қолданыстағы мектептерді кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 3 тоқсанында Түрксіб ауданында 6100 орындық 4 мектептің құрылысы басталады. 1050 орындық 2 мектепке қосымша құрылыстар, №83 гимназия филиалын қайта жаңарту және №50 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту жобалануда. Сондай-ақ наурыз айынан бастап Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің құрылысына қолданыстағы...