Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2023 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелерін жариялайды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы бірінші тоқсандағы басты өндірістік көрсеткіштер:
Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 8,7%-ға артып, 5 961 мың тоннаға жетті;
Мұнай тасымалдау көлемі 3,0%-ға ұлғайып, 18 858 мың тоннаны құрады;
Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 8,1%-ға артып, 4 936 мың тоннаны құрады.
2023 жылы бірінші тоқсанда ҚМГ-нің мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 8,7%-ға артып, 5 961 мың тоннаға (тәулігіне 499 мың баррель) жетті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 12,3%-ға...