Фото: Kursiv.media
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2022 жылғы төлем балансының ағымдағы шотының жай-күйінің өзгеру факторларын талдау барысында Қазақстан экономикасында жүйелі проблемалардың бар екенін байқаған.
Мұнай бағасының өсуі және облигациялар құнының төмендеуі ағымдағы операциялар шотының профицитіне және 2022 жылы Қазақстанның сыртқы қарызының төмендеуіне әкелген. Профицитке мұнай бағасының өсуіне байланысты экспорт көлемінің өткен жылмен салыстырғанда 66,8%-ға өсуі себеп болған. Бұл Қазақстанның әлемдік нарықта шикізаттық тауарларға тәуелді екенін көрсетеді.
Қаржыгерлер импорттың өсуі, оның ішінде фискалдық ынталандыру – сауда профицитін азайтатынын айтады. Солайша 4-тоқсанда ағымдағы шот қайта инвестицияланған кірістің күрт төмендеуіне байланысты оң аймақта қалған.
Сонымен бірге бұл жағдайға шетелдік инвесторлардың еншілес кәсіпорындардан өз дивиденттерін шығарып, елден...
Жаңалықтар
Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы жұмысын бастады. Онда сөз алған Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, Үкімет индустриаландыру, экономиканы әртараптандыру және импортқа тәуелділікті төмендету саясатын жалғастырып жатыр.
«Өткен жылы машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 9,4 пайызға артса, осы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 36 пайызға өсіп отыр. Машина жасау өнімдеріне қатысты Қазақстанның ішкі сұранысы 23 млрд долларды құрайды. Бүгінде оның тек 3,1 млрд доллары ғана отандық өндіріспен қамтылып отыр. », деді премьер-министр.
Оның айтуынша, импортты алмастыру есебінен машина жасау өндірісін әрі қарай дамытуға күш салу қажет. Үкімет қаржы құралдарын...
Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағын жылына 115 млн доллар төлеп жалдап отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков мәлімдеді.
Сондай-ақ «Байқоңырды» жалға беру құнына қатысты пікір білдірді.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы кеңес заманынан мұраға қалды. Ұшыру кешенінің өзі нақты зымыран тасығыштар үшін жасалған. Онымен тек зымыран тасығыштарды пайдалануға болады. Оларды басқа мақсатта пайдаланудың баламасын табу техникалық тұрғыда мүмкін емес. Келісімшарт бірнеше рет ұзартылды. Бүгінде ол 2050 жылға дейін ұзартылған. Біз тиімді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде ғарыш айлағының қызметі де бар. Сондай-ақ біз зымыранды ұшырағаннан кейін экологиялық жағдайға мониторинг жүргізе бастадық. Осы...
Фото: shutterstock.com
Бүгіннен бастап Мәскеу биржасының «Қазақ теңгесі – Ресей рублі» және «Армян драмы – Ресей рублі» валюта жұбы бойынша фьючерстік келісімшарттар саудасы басталды.
Жаңа сауда құралдары жеке және заңды тұлғаларға арналған. Олар бұны сауда стратегиясына және тәуекелдердің алдын алып, хедж-мәміле жасауға пайдалана алады.
«Мәскеу биржасының туынды қаржы нарық құралдарының арасында валюталық фьючерстер клиенттік белсенділік бойынша тұрақты әрі жетекші позицияда тұр. Инвесторларды транзакциялық шығындардың төмендігі және әртүрлі валюталар арқылы кең ауқымды стратегияларды жүзеге асыру мүмкіндігі қызықтырып отыр», дейді Мәскеу биржасы фьючерстік қаржы нарығының басшысы Мария Патрикеева.
«Қазақстан теңгесі – Ресей рублі» бағамы бойынша...
Алматы қаласы маңындағы «Ақсай» карьері маңында тұратын тұрғындар мен «Алма сити» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауаның ластанып, экологиялық жағдайдың нашарлағанына шағымданды. Бұл мәселе Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде көтерілді.
«Өткен жылы «Ақсай» карьерінің лицензисы аяқалған болатын. Бірақ соған қарамастан олар жұмысын тоқтатқан жоқ. Біз полиция өкілдерін шақырдық.Алайда карьер жұмысын жалғастыра берді. Ал бұл карьердің жұмысы кезінде ауаға қатты шаң көтеріледі. Соның әсерінен балалар көп ауырады. Мұндай экология онкологиялық ауруларға да әкелуі мүмкін. Біз Наурызбай ауданына қараймыз, ал карьер облысқа қарайды дейсіздер. Сонда біздің мәселемізді кім шешіп береді?» деді қала тұрғыны.
Сонымен бірге карьердің күнсанап, тереңдіг...
Фото: shutterstock.com
2023 жылы «Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы» АҚ, «Dufri Central Age» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қатысты тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тимур Каленов мәлімдеді.
Сонымен қатар жыл басынан бері 5 нарық субъектісіне:
«Қазақтелеком» АҚ-на – үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері, атап айтқанда абоненттерге қосымша жабдықты (модем) салғаны үшін; «Әсем Тас Девелопмент» ЖШС-на («Орда Инвест Корпорациясы») – көрінеу жалған, әділетсіз және сенімсіз жарнама жасағаны үшін; «KazBitumGroup» ЖШС-на – бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетке барып, атап айтқанда битум бағасын белгілеп және стап тұрғаны үшін, «Petro Servise KZ» ЖШС-на – бәсекелестікке қарсы...Мемлекеттік еңбек инспекторлары ӨзенМұнайГаз бен мердігер ұйымдарда 130-дан астам еңбек заңнамасы бұзылған жағдайды тіркеді. Бұл туралы ҚМГ тобының телеграмм арнасы хабарлады.
ӨзенМұнайГаз жұмысқа орналасу кезінде ережені бұзу фактілері анықталған.
«Атап айтқанда, жалған сертификаттар мен жергілікті оқу орындарында оқығаны туралы куәліктер қолданылған болуы мүмкін. Бұл мәселе бойынша материалдар Жаңаөзен қаласының прокуратурасына жолданды. Сонымен қатар, салалық мамандықтар бойынша персоналды жұмысқа алу процесін тексеру кезінде қабылданған 238 адамның 50-ге жуығы мамандық бойынша жұмысқа орналаспағаны немесе кейіннен басқа лауазымдарға ауыстырылғаны анықталды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Жаңаөзендегі ҚМГ жұмыс тобының құрамы өнеркәсіптегі қауіпсіздік, экология және СЭС саласындағы...
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев экс-президент Назарбаевтың канцеляриясы қажет пе деген сұраққа жауап берді.
«Қазір экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың канцеляриясының керегі бар ма? Оған миллиарлдтаған қаржы бөлінеді», деп сұрады журналист.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев канцелярияның көлемі қысқарғанын алға тартты.
«Канцелярияның көлемі қысқарған. Алайда оның нақты қанша екенін айта алмаймын. Менің білуімше, ол жерде жұмыс істеп жатқан адамдардың саны да күрт қысқарған. Осыған байланысты бюджетті қарағанда біз қаржы мәселесін қарайтын шығармыз. Сондықтан онда бұрынғыдай біраз адам жұмыс істеп жатқан жоқ, әрі қазір үлкен функциялар да жоқ», – деді Әшімбаев.
Сондай-ақ Сенат спикері болашақта Назарбаев канцеляриясының болу-болмауына қатысты пікір...
Forbes.kz басылымы еліміздегі ең бай 50 бизнесменнің кезекті рейтингін жариялады. Бұл тізімге енгендердің көпшілігінде дәулеті еселене түскен. Қазақстандық миллиардерлердің бүкіл жиған-тергені биыл 23,9 миллиард долларды құраған (2022 жылы ол 25,3 миллиард доллар болған).
Айта кету керек, Владимир Ким мен Болат Өтемұратовтан басқа қазақстандық миллиардерлер соңғы бір жылда капиталын арттыра алған. Басылым Михаил Ломтадзені америкалық Forbes Грузиялық кәсіпкер ретінде атағандықтан, қазақстандық тізімге кірмегенін жазады.
Ең бай бизнесмендердің көшін бастап тұрған Владимир Кимнің байлығы 4,6 млрд долларды құрайды. Бір жылда оның байлығы 400 млн долларға азайса да, рейтингтегі өз позициясын жоғалтпаған. Владимир Кимге KAZ Minerals Ltd акцияларының 63,5%-ы...
Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілер арасында конкурстық іріктеу жариялайды. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.
Ізденушілер арасындағы конкурстық іріктеу мынадай зерттеу тақырыптарында өтеді:
Қаржылық алаяқтыққа, атап айтқанда, пирамидаларға, интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы әрекет; Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұтынушылық сұраныс (халықаралық және қазақстандық тәжірибе); Жұмыспен қамту көрсеткіштері: жұмыссыздық деңгейін бағалаудағы балама әдістер.Конкурстық іріктеуге:
– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы мәлімет жинау, сақтау және (немесе) өңдеу тұрғысындағы қызметке байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
– таратылу...
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының қалай байығанын тексеру қажет пе деген сұраққа жауап берді.
«Forbes Kazakhstan еліміздегі 50 бай адамның тізімін жаңартты. Ол жерде бұрынғы президенттің қызы Дариға Назарбаева, Тимур және Динара Құлыбаевтар, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол да бар. Осы адамдардың қалай байығаны тергелуі керек пе?», деп сұрады журналист.
Әшімбаевтың айтуынша, барлығы заң аясында жүргізілуге тиіс.
«Мұндай мәселенің бәрі заң аясында шешілуі керек. Демократия жолында қадамдарын жүзеге асырып келе жатқан мемлекетпіз. Көптеген мәселе бар. Бірақ осы жолда әрі қарай біраз жеткістікке жетеміз деп сенеміз. Оның бір шарты – құқықтық жүйені дамыту. Кез...
Фото: shutterstock.com
Сәрсенбі күні Dow Jones индексі 0,09%-ға төмендесе, ал S&P 500 бен Nasdaq Composite индекстері сәйкесінше 0,45% және 1,04% қосқан. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының таңғы шолуында жазылған.
S&P индексіндегі 11 сектордың жетеуі табысқа қол жеткізіп, коммуникация және технология компаниялары көш бастаса, ал энергетика мен қаржы нарық соңында қалды.
Nasdaq 100 технологиялық индексі Amazon (+3,3%), Alphabet (+4,1%), Apple (+2,8%) және Microsoft (+1,7%) сияқты ірі компания акцияларының арқасында тамыз айындағы ең жоғары деңгейге жетті. Дегенмен Airbnb (-10,9%) мен Twilio (-12,6%) акциялары екінші тоқсанға қатысты нашар болжам жариялағаннан кейін, арзандап кетті. Rockwell Automation акциялары билік компанияны Америка...
АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарланд ресейлік кәсіпкер Константин Малофеевтің активтерін Украинаға беруге рұқсат берді.
Украинаның қажеттіліктері үшін берілетін алғашқы актив құны 5,4 миллион долларды құрайды.
«Ресейден тәркіленген бұл активтер – Украинаны қалпына келтіру үшін беріліп жатқан алғашқы қаражат. Бірақ соңғысы да емес», деді Гарланд.
Өткен жылдың маусым айында АҚШ Қаржы министрлігі Ресей олигархтарының 30 млрд долларға жуық активтерін бұғаттаған. Ал 2022 жылдың соңында бюджетке түзетулер енгізіліп, сенаторлар ресейлік бизнесмендердің тыйым салынған активтерін тәркілеуге мүмкіндік беретін түзетулерді бірауыздан мақұлдаған болатын. Енді тәркіленген сол соманың бір бөлігін Украинаға беруді жоспарлап отыр.
Константин Малофеев – Путин бастаған...
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«10 мамырда Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді. Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде», делінген хабарламада.
Бұқаралық ақпарат құралдары сәрсенбі күні Абылай Мырзахметовтің 30 миллион доллар пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатын.
14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады. «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің әкімшілігі аспалы жолдардың жыл сайынғы профилактикалық жөндеуге жабылатынын хабарлады.
«Жазғы маусымға есігімізді ашпас бұрын – біздің аспалы жолдарымыз жыл сайынғы профилактикалық жөндеуден өтуі керек! Мұның бәрі сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін қажет», делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, 15 мамырдан 31 мамырға дейін – «Медеу-Шымбұлақ» және «Комби-1» аспалы жолы. 15 мамырдан 9 шілдеге дейін – «Комби-2» аспалы жолы жөндеуге жабылады.
ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Бұған дейін, 1 сәуірден бастап, Шымбұлақ аумағына кіруге тек электромобильдер және шұғыл қызмет көрсету бөлімдерін...
Фото: kursiv.media
АҚШ-тағы инфляцияның бәсеңдегені жайлы деректер жарияланғалы қымбаттап келе жатқан алтын бағасы кеше қайтадан арзандай бастады.
Нью-Йорк Comex биржасында алтынның маусым айындағы баға белгіленімі 0,5%-ға төмендеп, бір троя унциясы үшін $2032,3 құрады.
АҚШ-тағы ТБИ индексі наурызда 5%-ға өссе, ал сәуір айында жылдық мәнде 4,9%-ды құраған.
Insignia Consultants зерттеу бөлімінің басшысы Чинтан Карнани сәуір айында жариялаған инфляция деректері ФРЖ-ның маусым-шілде айларында мөлшерлемені көтермей, үзіліс аларына себеп емес деп тұжырымдайды.
«Мөлшерлеме қашан төмендейтінін, не қанша уақыт көтерілмей тұратынын нақты білмеген ашулы трейдерлер табыс тауып қалып жатыр», деді ол.
Өткен бейсенбіде алтынның бір...
Америкалық Avast компаниясы SpaceX-пен бірлесіп, 2025 жылдың тамызында әлемдегі алғашқы басқарылатын коммерциялық ғарыш станциясын орбитаға шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы компаниялар мәлім етті Интефакс .
Haven-1 деп аталатын станция SpaceX Falcon 9 зымыранын жер орбитасына шығаруы керек. Содан кейін ол модуль ретінде станцияның үлкен блогына – қазіргі уақытта дамып келе жатқан Vast-1 қондырғысына бекітіледі. Толық станцияның жалпы ұзындығы шамамен 100 метрді құрайды.
Станцияға төрт астронавт экипажы бар SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі ұшады деп жоспарланған. Олар станцияда 30 күнге дейін бола алады. Avast компаниясы алғашқы рейстерге үміткерлерді таңдап жатыр.
Станцияда жасанды ауырлық күшін құру бойынша әлемдегі алғашқы...
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындарынан мұнай сатудағы алыпсатарлық операциялар жайлы желәде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
«Желіде «Өзенмұнайгаз» компаниясы өндіретін мұнай бағасын белгілеуге қатысты шындыққа жанаспайтын ақпараттың кеңінен таралуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тарапына осы жағдайды түсіндіріп өтуге көптеген сауал келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты ҚМГ-нің мұнай өндіретін ұйымдарының, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ты қоса алғанда, экспортқа шығатын барлық өнімін үшінші тарап, яғни жеке делдал емес, ҚМГ компаниялар тобының жүйелік трейдері сатып алатынын хабарлаймыз», делінген компания таратқан хабарламада.
ӨзенМұнайГаз-дың экспортқа шығатын барлық мұнай көлемі әлемдік мұнай бағасына сай сатып алынады.
Сондай-ақ ҚМГ ішкі нарықтың қажеттілігіне арналған...
Елорда мектептерінде буллингті болдырмау мақсатында QR-кодтар орнатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Астана прокуратурасының бастамасымен орта білім беру мекемелерінде оқушыларға қатысты құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында QR-кодтар орнату жұмыстары жалғасуда.
«Бұл QR-кодтар мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына мектеп психологтарына, профилактика менеджерлеріне, әлеуметтік педагогтерге, учаскелік инспекторларға, сондай-ақ мектеп әкімшілігіне психологиялық қолдау, буллинг және басқа да мәселелер бойынша тікелей жүгінуге мүмкіндік береді», – дейді Астана қаласы прокурорының орынбасары Б.Мизанбаев.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс тұрғындарын «сіздің туысыңыз апатқа ұшырады» схемасын ойнайтын желілік алаяқтар туралы ескертеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған схема негізінен егде жастағы адамдарды алдауға бағытталған, «банктерден қоңыраулар» сияқты, алдауға бірнеше алаяқтар қатысады.
Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің үш тұрғыны осындай схемамен 9 млн. теңгеге алданып қалған.
Осылайша, алаяқтардың құрбандарының бірі облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны болды, оған әйел қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырды және қызының кінәсінен жол-көлік оқиғасы болып, адам зардап шеккенін хабарлады.
Содан кейін «жалған полицей» бұл жағдайды шешу үшін жәбірленушіге 5 млн.теңге төлеуді талап еткен, бұған жәбірленуш...
Еуропалық комиссия Суданға маңызды жүктерді жедел әскери қақтығыс жағдайында жұмыс істейтін гуманитарлық серіктестеріне жеткізу үшін әуе көпірінің іске қосылғаны туралы хабарлады. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
«Ауыз су, санитарлық-гигиеналық құралдар мен баспана жабдықтарын қоса алғанда, 30 тонна қажетті заттар Дубайдағы БҰҰ қоймаларынан Порт-Суданға жеткізілді. Арнайы жүк ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдеріне берілді», – делінген хабарламада.
Мүлік және көлік салығы бойынша 3450 теңгеден астам берешегі бар қазақстандықтар тізімі сот орындаушыларына жолданады. Сондай-ақ сот орындаушылар қарызы бар бір миллионнан астам қазақстандықтың банк шоттары мен мүлкіне тыйым салып тастауы мүмкін. Бұл жайлы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Жалпы қазақстандықтардың мүлік және көлік салығы бойынша қарызы 29 млрд теңгеге жетіпті. Соның ішінде транспорттық қарыз сомасы 28 млрд теңгені құрайды. Мемлекеттік кірістер комитеті 40 АЕК көлемінде немесе 138 мың теңге қарызы бар азамттардың Қазақстаннан шығуына тыйым салынуы мүмкін екенін атап өтті.
Қазақстандықтар биыл көлік салығын 3450 теңгеден 403650 теңгеге дейін төлейді. Салықтың нақты мөлшері белгілі бір автокөліктің қозғалтқышының көлеміне...
Қазақстан Үкіметі 2026 жылға қарай елімізде автомобиль өндірісінің 500 мың данаға дейін өсуін болжап отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Астанада өткен автокөрмеде мәлімдеді.
«Егер Қазақстан нарығы жылына 150 мың автокөлік құраса, келесі жылы қазақстандық автоөндіріс осы көлемді береді. Яғни, нарықтың жаңа автокөліктерге деген қажеттілігі толығымен жабылады. Бірқатар жаңа жобалар бар. Біздің міндетіміз- 2026 жылға қарай өндіріс көлемін 500 мың автокөлікке дейін арттыру», – деді Қарабаев.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының деректері бойынша, 2022 жылы республикада барлық үлгідегі 113,9 мың автокөлік құралы өндірілді. Осылайша, Индустрия министрлігі 2026 жылға қарай автоқұрастыру өндірісін...
Фото: kursiv.media
Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 2030 жылға қарай 40%-ға дейін ұлғайту – үлкен стратегиялық мақсат. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, Үкімет бизнесті ашу және жүргізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасап отыр. Ұлттық жобалар шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады, кредиттер бойынша кепілдіктер, жеңілдікті қарыздар және басқа да қолдау шаралары ұсынылады. Бұл туралы ол Алматыда өткен «ULTTYQ ONIM» отандық тауар өндірушілердің VII көрмесінде айтты.
Ведомство басшысының айтуынша, моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде түпкілікті қарыз алушы үшін 5% мөлшерлеме бойынша жеңілдікті микрокредит беру енгізілді. Несиелеудің ең жоғары сомасы 7-ден 3 млрд теңгеге дейін төмендетілді, бұл шағын...