Фото: ҚР ТЖМ
Республика аумағында биыл өрт қаупі сақталады. Себебі Казгидрометтің болжауы бойынша осы жылы жауын-шашын аз болып, құрғақшылық күтілуде. Бұл жайлы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.
«Жоғары өрт қаупі биыл да сақталады. Қазгидрометтің болжамы бойынша алдағы өрт қауіпті кезеңде температура орта есеппен +25ºС, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде температураның +30ºС дейін жоғарылауымен құрғақшылық пен жауын-шашын тапшылығы болжанады. Мұның бәрі, әрине, орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттырады», деді өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы.
Былтыр Қазақстан Республикасының аумағында табиғи өрттердің салдарынан 3 рет төтенше жағдай жарияланған...