Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен жұмыс шеңберінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу қағидаларына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрық) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы»
2023 жылғы 15 наурыздағы № 278 бұйрықпен Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу және «Виртуалды қойма» модулін қолдану бойынша оңайлату көзделгендігін хабарлайды.
Осы бұйрықпен 2023 жылғы 1 сәуірден бастап:
– тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар (СЭҚ ТН – тоңазытқыштар, мұздатқыштар 11 коды) және мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері бойынша Виртуалды қойма қолдана Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу;
– Виртуалды қойма қолданбай, ЕАЭО шеңберінде тауарлардың импортына/экспортына (барлық тауарлар бойынша) Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу...