Өскемен қаласында ата-аналар балаларының мектепке келіп-қайтқанын мобильді қосымша арқылы бақылауына мүмкіндік беретін жоба жүзеге асып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының мәліметіне сүйенсек, Жобаның атауы – «Ата-ана бақылауы».
«Жобаға қала бойынша 55 білім ордасы қатысып жатыр. Сол арқылы ата-аналар балаларының мектепке келгені және кеткені туралы автоматты түрде хабардар етіліп отырады. Осы үшін арнайы мобильді қосымша әзірленіп жатыр», – дейді басқарма басшысы Рүстем Досқожа.
Оның айтуынша, биыл террористік тұрғыдан осал объектілердегі өрт қауіпсіздігін басқару жүйесіне қатысты пилоттық жоба енгізілмек.
Нәтижесінде, 10 әлеуметтік білім беру және денсаулық сақтау нысанында облыстық ситуациялық орталықтың басқару пультіне сигнал беру арқылы...