Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады. Президенттің айтуынша, басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді.
Президент 1913 жылы, дәл осы күні, еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көргенін атап өтті.
«Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті. Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа...