Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктерге әскери инфрақұрылымды дамыту ісіне атсалысуды тапсырды. Бұл туралы Президент Бүкілармиялық кеңестің отырысында мәлімдеді.
«Оқ-дәріні сақтайтын қауіпті нысандар елді мекендердің аумағынан тысқары шығарылып жатыр. Бұл ауқымды жұмысты күш құрылымдарының мойнына ғана артып қою дұрыс емес. Үкімет пен әкімдіктердің әскери инфрақұрылымды дамыту ісіне атсалысқаны жөн», – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев сондай-ақ, кеңес барысында армияны технологиялық жаңғыртуды жалғастыру қажеттігін мәлімдеді.
«Үкімет әскери мақсаттағы өнімдер мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту үшін барлық шараларды қабылдауы керек»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Қазіргі әскери инфрақұрылым совет армиясының стандарттары бойынша құрылған. Бүгінде...