«Алтын Орда» базарының бұрынғы атқарушы директоры Ермек Марқабаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сақтап тасымалдады деп айыпталды. Бұл туралы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Өткен жазда Алматы – Бішкек тасжолында полиция қызметкерлері артқы орындығында Марқабаев отырған көлікті тоқтатқаны анықталды. Жеке тінту кезінде ұнтақты заты бар пакет табылып тәркіленді. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат салмағы 1,796 грамм болатын мефедрон психотроптық заты болып шықты», – деп жазылған сот хабарламасында.
Мемлекеттік айыптаушы, Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотталушы Марқабаевты кінәлі деп тануды және оған 5 жыл...